Ardingly Astana 4,906 млрд теңге көлемінде облигациялар шығарды
Астана, 2025 жылғы 2 шілде – Қазақстан астанасында орналасқан, Ұлыбританиядағы жетекші жекеменшік мектептердің бірі – Ardingly College-тің филиалы болып табылатын Ardingly Astana мектебі 4 906 000 000 теңге көлемінде облигациялар шығарғанын хабарлайды. Облигациялар Astana International Exchange (AIX) алаңында орналастырылды.
Бұл мектептің алғашқы қарыздық бағалы қағаздар шығарылымы болып табылады және мемлекеттік тіркеуден өтті. Ardingly Astana облигациялары бойынша жылдық 21,5% мөлшеріндегі купондық сыйақы тоқсан сайын төленетін болады. Бұл мөлшерлеме бес жылдық айналым мерзіміне толығымен бекітілген.
Облигациялар проспектісінде инвесторлардың мүдделерін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін ковенанттар қарастырылған. Бұл шарттар бұзылған жағдайда, облигация ұстаушылар қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы.
Тартылған қаражат Ardingly Astana мектебінің жаңа кампусын салуға бағытталады. Бұл облигациялық шығарылым – Қазақстанда халықаралық мектептер инфрақұрылымын дамытуға және білім беру саласына жеке инвестиция тартуға бағытталған ұзақмерзімді стратегияның бір бөлігі.
Облигациялардың толық көлемі Freedom Finance Global PLC компаниясы арқылы, Freedom Broker атынан, сәтті орналастырылды. Аталған компания Ardingly Astana облигацияларының андеррайтері ретінде әрекет етті.
Ал облигациялар эмиссиясының қаржылық кеңесшісі ретінде БЦК Инвест компаниясы қызмет көрсетті.
Анықтама:
Freedom Finance Global PLC өз клиенттеріне AIX биржасында брокерлік қызметтерді, бағалы қағаздар котировкаларын қолдау бойынша маркетмейкер қызметтерін, сондай-ақ қаржылық кеңес беру, қарыздық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыру қызметтерін ұсынады. Компания халықаралық инвестициялық топ – Freedom Holding Corp. құрамына кіреді. Холдингтің акциялары 2019 жылғы 15 қазаннан бастап Nasdaq Capital Market биржасында FRHC тикерімен орналастырылған. Freedom Holding Corp. қызметі АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) тарапынан реттеледі.