Мектеп таңдау – әр отбасы үшін ең маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан, қабылдау бөліміміз сіздерді осы жолдың әр кезеңінде қолдауға дайын.

Ardingly Astana мектебінде біз оқуға түсу шарттарын түсінікті, ашық әрі ыңғайлы етуге ұмтыламыз. Бұл отбасыларға мектебіміздің балаларына қаншалықты сәйкес келетінін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Мектеп 165 жылдан астам тарихы бар британдық білім беру дәстүрлеріне сүйене отырып, жоғары академиялық сапаны, оқушыларды жан-жақты қолдау жүйесін және заманауи оқыту тәсілдерін ұсынады. Оқушылар тәжірибелі халықаралық педагогтердің жетекшілігімен IGCSE және A Level біліктіліктеріне жол ашатын Кембридж халықаралық бағдарламасы бойынша білім алады.

Академиялық бағдарламадан бөлек, оқушыларға спорт, шығармашылық, STEM, тілдер және көшбасшылық жобалар сияқты көптеген қосымша және сыныптан тыс іс-шаралар ұсынылады.

Сабақтар 2026 жылдың қыркүйегінен бастап, оқу, шығармашылық, әл-ауқат және белсенді мектеп өмірін қолдау мақсатында арнайы жобаланған жаңа кампуста өтетін болады.

Сіздердің отбасыларыңызды Ardingly Astana қауымдастығында қарсы алуға қуаныштымыз.

Оқуға түсу
процесі

1. Өтінім беру

Сайттағы форманы толтырыңыз немесе қабылдау комиссиясына хабарласыңыз. Біз мектеп пен оқу бағдарламасына қатысты барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береміз.

2. Мектепке келу

Біз оқуға түсу шарттары мен бағдарламалар туралы толық ақпарат алу үшін, барша отбасыларды мектепке келіп, педагогтермен және қабылдау тобының мүшелерімен кездесуге шақырамыз.

3. Өтінім тапсыру

Оқуға түсу процесін бастау үшін, ресми өтінім формасын толтырып, жіберіңіз.

4. Тестілеу және сұхбат

Тестілеуден өтпес бұрын, тіркеу жарнасы төлеу қажет:

  • 1-3 сыныптар – 30 000 KZT.
  • 4-ші және одан жоғары сыныптар – 45 000 KZT.
  • 5-7 жастағы оқушылар (1-3 сыныптар) мектеп психологымен және мектеп директорымен достық әрі ойын форматындағы кездесуге қатысады.
  • 8 жастан асқан оқушылар (4-сыныптан бастап) академиялық тестілеуден өтеді, оған CAT4 және ағылшын тілі бойынша тест кіреді. Сонымен қатар, мектеп директорымен формалды түрде сұхбат жүргізіледі.
5. Оқуға қабылдау туралы ұсыныс

Бағалау аяқталған соң, отбасы баланың оқуға қабылданғаны туралы шешіммен танысады.

6. Тіркеу және оқуға қабылдау

Оқушының орнын растау үшін, тіркеу процесін толық аяқтап, алдын-ала төлем жасау қажет.