Ата-аналар
мен мұғалімдер қауымдастығы

Ardingly Astana мектебінің мықты қауымдастығы ата-аналар, оқушылар мен мектептің бірлескен жұмысы негізінде қалыптасады деп білеміз. Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығы (PTA) осы байланысты нығайтуда және барлық отбасылар үшін ашық әрі қолдаушы орта құруда маңызды рөл атқарады.

PTA мектеп басшылығымен тығыз жұмыс істеп, мектеп шараларын, оқушылардың әл-ауқаты мен қолдауына бағытталған бастамаларды, сондай-ақ, отбасыларды біріктіріп, мектеп қауымдастығын дамытуға ықпал ететін жобаларды қолдайды.

Оқу жылы бойы PTA мерекелік іс-шараларды, кездесулерді және басқа да мектептік шараларды ұйымдастыруға көмектесіп, қауымдастықтағы белсенді әрі достық атмосфераны қалыптастыруға үлес қосады.

PTA
төрағасының алғысөзі

Құрметті ата-аналар мен мектеп қауымдастығының мүшелері,

Ardingly Astana мектебінің Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығына (PTA) қош келдіңіздер!

Біздің қауымдастығымыз отбасыларды біріктіріп, мектеп өмірін қолдауға, қауымдастық ішіндегі байланысты нығайтуға және балалар, ата-аналар мен мектеп ұжымының тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді.

Мектеп басшылығымен бірлесе отырып, біз достыққа негізделген, ашық әрі ұйымшыл мектеп ортасын қалыптастыруға көмектесетін түрлі іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асырамыз.

Біз ашық диалогты, пікір алмасуды және ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуын жоғары бағалаймыз. Сондықтан, сіздерді қауымдастығымыздың жұмысына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Ardingly Astana қауымдастығының бір мүшесі болғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерді PTA қызметіне қосылып, мектеп өміріне белсенді қатысуға шақырамыз.

Айжан Қиманова

Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығының төрағасы