Ardingly Astana мектебінде біз сапалы әрі теңгерімді тамақтану баланың оқуына, дамуына және жалпы әл-ауқатына тікелей әсер етеді деп санаймыз. Мектеп асханасы жоғары сапа мен әртүрлілік стандарттарына сәйкес жұмыс істейді, сондықтан, оқушыларға күн бойы дәмді әрі пайдалы тағамдар беріледі.

Ас мәзірінде мүмкіндігінше жергілікті жеткізушілерден алынған жаңа өнімдер пайдаланылады. Біз әрбір баланың жеке қажеттіліктерін, соның ішінде, тағамға қарсы аллергиялары мен арнайы тамақтану талаптарын ескереміз және ерте жастан бастап, балалардың дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеміз.

Біздің мектебімізде түскі ас уақыты тек тамақтанумен шектелмейді. Бұл – балалардың бір-бірімен араласуына, бірге уақыт өткізуіне және өздерін мектеп қауымдастығының маңызды бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік беретін ерекше уақыт.