Ardingly Astana
қош келдіңіздер

Біздің мектебіміз 165 жылдан астам тарихы бар Ұлыбританиядағы жетекші мектептердің бірі – Ardingly College дәстүріне сай білім береді. Осы бай мұраға сүйене отырып, біз Қазақстанға британдық білім жүйесінің озық тәжірибелерін әкеліп, жоғары академиялық талаптарды әр оқушының жан-жақты дамуына бағытталған көзқараспен үйлестіреміз.

Ardingly Astana мектебінде біз әр баланы танып, қолдап, оның әлеуетін толық ашуға шабыттандыратын орта қалыптастырамыз. Сапалы оқыту жүйесі, әр оқушыға деген жеке көзқарас және мазмұнды мектеп өмірі тек сабақ барысында ғана емес, мектептен тыс ортада да оқушылардың дербес ойлауына, өз қызығушылықтарын дамытуына және қабілеттерін ашуына мүмкіндік береді.

Астанадағы жаңа кампусымыз балалардың білім алуын, жан-жақты дамуын, шығармашылық және спортпен айналысуын қамтамасыз ететін ерекше орынға айналады. Мұнда балалар оқып, өсіп-жетіліп, жаңа нәрселерді сынап көріп, болашаққа сеніммен қадам басады.

Мектептің алғаш қалыптасу кезеңінде оған жетекшілік ету мен үшін үлкен мәртебе. Біз оқушылармен, ата-аналармен және қызметкерлермен бірге жоғары стандарттарға, өзара құрметке және үздіксіз дамуға негізделген жылы әрі шабыттандыратын мектеп қауымдастығын қалыптастырып келемізy.

Даррен Джонс

Құрылтайшы директор