Біздің оқушымыз Ералы Жолжақсы UK First Lego League Championship жарысының абсолютті чемпионы атанды
Біздің 9-сынып оқушымыз Ералы Жолжақсы UK First Lego League Championship жарысының абсолютті чемпионы атанды.
Жарыс 25 сәуірде Ұлыбританияның Харрогейт қаласында өтіп, Institution of Engineering and Technology ұйымы тарапынан ұйымдастырылды. Биыл бұл жарысқа Ұлыбритания, Франция, Германия, Бразилия, Словакия және басқа да елдерден 68 команда қатысты.
Ералы Astrobot командасының құрамында өнер көрсетіп, Қазақстан атынан KIS, НЗМ, Физмат және Quantum STEM мектептерінің оқушыларымен бірге қатысты. Команда чемпионатқа Астанада ақпан айында өткен Central Asia First Championship жарысындағы жеңісінен кейін жолдама алды.
Робот ойынынан бөлек, команда Қазақстанның археологиялық артефакттеріне арналған artifacts.kz онлайн дерекқорын ұсынды. Қазылар алқасы жобаны тек техникалық деңгейі үшін ғана емес, мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін де жоғары бағалады.