Астана – балалардың көзімен
Ardingly Astana мектебі баршаңызды ашық аспан астындағы отбасылық шығармашылық фестивальде көңілді кеш өткізуге шақырады!
📅 25 шілде | 18:00
📍 Samal Park
Онда бәріміз бірге «Астана – балалардың көзімен» атты үлкен ұжымдық картина жасаймыз және әр бала оған өзінің шығармашылық үлесін қоса алады.
Сонымен қатар, Ardingly Astana командасымен танысып, мектебіміз туралы көбірек біліп, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап ала аласыздар.
Кіру тегін. Бәріңізді асыға күтеміз!