Орта мектеп
Ardingly Astana мектебінде орта және жоғары мектептегі оқу процесі Кембридж халықаралық бағдарламасына негізделген және орта мектептен бастап, IGCSE бағдарламасына дейінгі жүйелі дайындық кезеңдерін қамтиды. Мұндай тәсіл жоғары академиялық деңгейді қамтамасыз етіп, оқушылардың университетке түсу үшін, сенімді түрде дайындалуына көмектеседі.
Оқу барысында оқушылардың өзіне деген сенімділігі артып, пәндер бойынша білімдерін тереңдетеді, сондай-ақ, сыни ойлау, зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау және өз бетінше де, топпен де тиімді жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Оқу үдерісі спорт, музыка, сахналық өнер, пікірсайыстар, STEM бағыттары мен оқушылар көшбасшылығын қамтитын мазмұнды сыныптан тыс бағдарламамен толықтырылады. Бұл оқушылардың өзіне деген сенімін, жауапкершілігін, белсенділігін және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мұндай қасиеттер тек мектепте ғана емес, болашақ өмірде де маңызды рөл атқарады.
3-негізгі кезең
7–9 сыныптар 11–14 жас
7–9 сыныптарда оқушылар бастауыш мектепте алған білімдерін кеңейтіп әрі тереңдете отырып, біртіндеп дербес әрі өзіне сенімді тұлға ретінде қалыптасады.
Оқу бағдарламасы ағылшын тілі, математика, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық пәндер, информатика, өнер, музыка, дене шынықтыру, қазақ, орыс және қытай тілдері секілді ауқымды пәндерді қамтиды.
Сабақтарды өз саласының білікті мамандары жүргізеді, ал жобалық жұмыстар оқу үдерісінің маңызды бөлігіне айналады. Мұндай тәсіл пәндік білімді тереңдетіп қана қоймай, сыни ойлау, тапсырмаларды шешу, ақпаратты талдау және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
9-сыныптың соңында оқушылар берік академиялық дайындыққа ие болып, IGCSE бағдарламасына өтуге толықтай дайын болады.
4-негізгі кезең
10–11 сыныптар 14–16 жас
10-11 сыныптарда оқушылар әлемдегі ең беделді халықаралық біліктіліктердің бірі болып саналатын Cambridge IGCSE бағдарламасы бойынша білім алады.
Бұл кезеңде олар кең ауқымды пәндерді меңгере отырып, жекелеген бағыттар бойынша тереңірек мамандана бастайды.
IGCSE бағдарламасы сыни ойлау, дербестік және білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушылар күрделірек тақырыптарды меңгеру барысында ақпаратты талдауды, тиімді шешімдер табуды, командада жұмыс істеуді және жаңа академиялық міндеттерді сенімді түрде орындауды үйренеді.
Олар 11-сыныпты аяқтаған кезде, берік академиялық дайындыққа ие болып, AS және A Level бағдарламаларына көшеді. Сондай-ақ, алдағы оқуында табысқа жетуге мүмкіндік беретін білім мен дағдыларға ие болады.